Clarivate компаниясының 2026 жылғы ақпан айындағы вебинарлары

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Сіздерді 2026 жылғы ақпан айында өтетін Clarivate компаниясының орыс тіліндегі вебинарларына қатысуға шақырамыз.

Clarivate Essential

3 ақпан

Тақырыбы: Web of Science Core Collection жүйесіндегі іздеу түрлері

Негізгі тезистер: Web of Science Core Collection платформасында жаңа іздеу түрі Smart Search енгізілуіне байланысты қолжетімді іздеу түрлерінің атаулары өзгергенімен, олардың функционалдық мүмкіндіктері өзгерген жоқ.
Вебинар барысында барлық іздеу түрлері егжей-тегжейлі қарастырылады: оларды қашан және қалай қолдану керек, қалай біріктіруге болады, пайдалану ерекшеліктері қандай екені айтылады.

Атап айтқанда, төмендегі іздеу түрлеріне кеңінен тоқталамыз:

  • Smart Search
  • Fielded Search (өрістер бойынша іздеу, бұрын Basic Search деп аталған)
  • Query Builder Search (сұраныстар конструкторы, бұрын Advanced Search деп аталған)
  • Cited Reference Search — мақалалардың пайдаланылған әдебиеттері бойынша іздеу
  • Author Search — автор бойынша іздеу

Бұл вебинар платформада жұмысын енді бастаған пайдаланушыларға да, сондай-ақ жаңа өрістер мен терминологияда бағдар алу үшін тәжірибелі қолданушыларға да пайдалы болады.
Тіркеу сауалнамаларында қойылған сұрақтарға жауаптар беріледі.

Уақыты: 14:00–15:00 (Астана уақыты)

Тіркелу сілтемесі

10 ақпан

Тақырыбы: Web of Science платформасында Core Collection-нан тыс не бар?

Негізгі тезистер: Web of Science платформасында барлығы 21 дерекқор индекстеледі. Олардың бір бөлігін Clarivate компаниясы әзірлейді, ал кейбірін басқа ұйымдар жасайды. Мысалы, ғылыми дәйексөздердің төрт аймақтық индексі бар: Қытай, Корея, Латын Америкасы және Араб ғылыми дәйексөз индекстері.

Бұл вебинарда негізгі Web of Science Core Collection дерекқорынан басқа барлық дерекқорлар қарастырылады.
Әсіресе келесі дерекқорларға ерекше назар аударылады:

  • Derwent Innovation Index – патенттік дерекқор;
  • ProQuest™ Dissertations & Theses Citation Index – диссертациялар рефераттарының дерекқоры;
  • Preprint Citation Index – препринттер дерекқоры;
  • Grants Index – алынған гранттар дерекқоры;
  • Policy Citation Index – нормативтік-құқықтық құжаттар дерекқоры;
  • Research Commons – ең жаңа дерекқор.

Тіркеу сауалнамаларында қойылған сұрақтарға жауаптар беріледі.

Уақыты: 14:00–15:00 (Астана уақыты)

Тіркелу сілтемесі

17 ақпан

Тақырыбы: Web of Science жүйесіндегі ұйым профилі

Негізгі тезистер: Ұйымның ғылыми қызметін талдау барысында негізгі мәселелердің бірі – бір ұйым атауының әртүрлі нұсқаларының көптеп кездесуі. Бұл атаулар жарияланымдарда ұйымның қайта аталуы, құрылымдық өзгерістер, бағыныстылықтың ауысуы немесе авторлар тарапынан жасалған қате аудармалар салдарынан пайда болуы мүмкін.

Web of Science Core Collection дерекқорында 10-нан астам жарияланымы бар ұйымдар үшін арнайы кеңейтілген ұйым профилі (organization-enhanced profile) құрылады. Бұл профильдің арқасында ұйым қызметін Web of Science платформасында және InCites аналитикалық жүйесінде талдау айтарлықтай жеңілдейді.

Мұндай талдау тек басқарушы органдар үшін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар: ғылыми жобаларға серіктес іздейтін ғалымдар үшін, диссертациялық жұмысты орындау орнын таңдайтын студенттер мен докторанттар үшін де маңызды.

Вебинар барысында келесі мәселелер қарастырылады:

  • ұйымның жарияланымдық қызметін Web of Science және InCites жүйелерінде талдау;
  • ұйым профилін өзекті күйде сақтау жолдары;
  • егер ұйым профилі әлі құрылмаған болса, оны жасауға өтінім дайындау тәртібі.

Тіркеу сауалнамаларында қойылған сұрақтарға жауаптар беріледі.

Уақыты: 14:00–15:00 (Астана уақыты)

Тіркелу сілтемесі

Research Smarter

24 ақпан

Тақырыбы: Стратегиялық ғылыми ынтымақтастық: Web of Science және InCites көмегімен әріптестіктің әлеуетін ашу

Негізгі тезистер: Қазіргі өзара тығыз байланысқан зерттеу кеңістігінде ынтымақтастық қалаулы фактордан қажеттілікке айналды. Бұл вебинар Web of Science деректерінің жаһандық ғылыми серіктестіктердің заңдылықтарын қалай анықтайтынын және теңгерімді әрі инклюзивті ынтымақтастықтың ғылыми жаңалықтарды ілгерілетудегі шешуші маңызын түсіндіреді.

Вебинар барысында ынтымақтастық желілерін анықтауда, өңірлік кедергілерді азайтуда және әртүрлі географиялық аймақтардың тең дәрежеде қатысуына ықпал етуде біріздендірілген деректерді талдаудың рөлі қарастырылады.
Қатысушылар Web of Science деректерін және нормаланған көрсеткіштерді пайдалану арқылы институционалдық шешімдер қабылдаудың, серіктестіктерді нығайтудың және зерттеулердің жаһандық ауқымдағы ықпалын барынша арттырудың практикалық стратегияларымен танысады.

Уақыты: 14:00–15:00 (Астана уақыты)

Тіркелу сілтемесі

Жүргізуші: Ирина Тихонкова, б.ғ.к., Customer Success Consultant

 

Назарларыңызға бейнематериалдар ұсынылады:
платформаға қол жеткізу және тіркелу тәртібі
жеке кабинетке кіру жолы

!#SDG Goal_4_Сапалы білім

Жарияланған күні: 13.01.2026

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: