Бұл айдарда дәйексөз келтіру базаларында жарияланымдардың авторлығын растау мақсатында құрылған, ғалымдарды жеке-жеке сәйкестендіру жүйелеріне сілтемелер беріледі.
Әлеуметтік желі | Сипаттамасы |
ResearcherID | Thomson Reuters компаниясының ResearcherID сервисі. Әрбір авторға бірегей сәйкестендіру нөмірі берілген, болашақта бұл нөмір нақты автордың жарық көрген еңбектерін оңай табуға мүмкіндік береді, нақтырақ айтқанда – Web of Science деректер базасында. |
ORCID | ORCID компаниясының Open Researcher and Contributor ID сервисі. SCOPUS және Web of Science деректер базаларында ғалымдардың ғылыми еңбектерінің авторлығын растау үшін қолданылатын бірегей сәйкестендіргіштерінің тізілімі. ORCID тіркелу жөніндегі нұсқаулық. |