Britannica Academic дерекқорына тестілік қолжетімділік

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Әлемдегі ең беделді әрі сұранысқа ие академиялық дерекқорлардың бірі Britannica Academic платформасына 2026 жылғы 11 қыркүйектен 30 қарашаға дейін тестілік қолжетімділік ашылды.

Қолжетімділік шарттары: логин және құпиясөз арқылы

Access IDnarikazuni
PassCode demo

Britannica Academic ғылыми және білім беру ұйымдарына арнайы әзірленген Encyclopaedia Britannica электрондық өнімі.

Ресурста ағылшын тіліндегі беделді әрі сенімді материалдардың ауқымды жинағы ұсынылған. Олардың қатарында толықмәтінді мақалалар, өмірбаяндар, иллюстрациялар, фотосуреттер мен карталар, бейне және аудиоматериалдар, статистикалық деректер, сондай-ақ барлық ғылыми бағыттар бойынша зерттеу жүргізуге арналған пайдалы сілтемелер бар.

Негізгі мазмұнмен қатар платформаға жасанды интеллект негізіндегі Ask Britannica іздеу құралы енгізілген. Бұл құрал 200-ден астам тілде сұрақ қоюға және құрылымдалған ғылыми жауаптар алуға мүмкіндік береді. Аталған мүмкіндік студенттер мен оқытушылардың зерттеу жұмысын жеңілдетіп, қажетті ғылыми ақпаратты іздеу үдерісінің тиімділігін арттырады.

Сізді 2026 жылғы 24 қыркүйек, сағат 14:00 (Астана уақыты) өтетін ағылшын тіліндегі онлайн оқыту сессиясына қатысуға шақырамыз. Сілтеме: https://meet.google.com/sdu-scrx-kim?hs=224

Брошюрамен танысу үшін сілтеме:
https://online.fliphtml5.com/hrhwr/okmi/#p=1

#ТДМ_4_Сапалы_білім

Жарияланған күні: 11.09.2026

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: