Oxford Law Pro Academic платформасына тестілік қолжетімділік. Модуль: Қаржылық, корпоративтік және коммерциялық құқық
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерге Oxford Law Pro Academic. Модуль: Қаржылық, корпоративтік және коммерциялық құқық платформасына 01.10.2026 жылдан 26.10.2026 жылға дейін тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз.
https://academic.oup.com/oxford-law-pro/pages/about
Сұраныс жасаған кезде сол жақтағы бағанда әрдайым Availability — Purchased белгісін таңдауыңызды сұраймыз.
Oxford Law Pro — Oxford University Press баспасынан шығарылған құқықтық зерттеулерге арналған таптырмас құрал. Платформада жетекші сарапшылар — практиктер мен академиялық қоғамдастық өкілдері авторлық еткен 650-ден астам кітап және 9500-ден астам ғылыми журнал мақаласы қамтылған. Кіріктірілген интеллектуалды көмекші (AI Research Assistant) арқылы Oxford Law Pro платформасы мыңдаған сарапшының білімін біріктіріп, құқық саласының болашағына қатысты өз көзқарасыңызды қалыптастыруға көмектесетін ақпаратқа ыңғайлы қолжетімділікті ұсынады.
Oxford Law Pro заң тәжірибесінің бес негізгі бағыты бойынша құқықтық талдау материалдарының ауқымды жинағына қарапайым әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Біз үшін мына модульге қолжетімділік ашылды: Қаржылық, корпоративтік және коммерциялық құқық.
Осы модульдегі негізгі кітаптар:
- McMeel on the Construction of Contracts (4th Edition), Gerard McMeel
• Smith on The Law of Assignment (4th Edition), Marcus Smith and others
• Company Directors: Duties, Liabilities, and Remedies (4th Edition), Mark Arnold KC and Simon Mortimore KC
• Minority Shareholders: Law, Practice, and Procedure (7th Edition), Victor Joffe KC and others
• Derham on the Law of Set Off (5th Edition), Rory Derham
• Mann and Proctor on the Law of Money (8th Edition), Charles Proctor
• Schlechtriem & Schwenzer: Commentary on the CISG (5th Edition), Ingeborg Schwenzer and Ulrich G Schroeter
• McKnight, Paterson, & Zakrzewski on the Law of International Finance (2nd Edition), John Dewar
• Commercial Fraud in Civil Practice (Second Edition), Paul McGrath KC
Осы модульдің толық тізімін мына сілтеме арқылы табуға болады: HERE
!#SDG Goal_4_ Сапалы_білім
Жарияланған күні: 30.09.2026

