International Journal of Comparative Labour Law and Industrial Relations and its ARCHIVE электронды журналына кіру (1985 – 2026)
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерге электрондық журналға қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз.
International Journal of Comparative Labour Law and Industrial Relations журналы және оның мұрағаты (1985 — 2026)
International Journal of Comparative Labour Law and Industrial Relations журналы жылына төрт рет жарық көреді және еңбек құқығы саласында маманданатын заңгерлер, ғалымдар, судьялар және басқа да бейінді мамандар үшін маңызды ақпарат пен талдамалық материалдардың көзі болып табылады. Журналда мынадай өзекті мәселелерге арналған жарияланымдар ұсынылады:
— еңбек нормаларының сақталуын қамтамасыз ету
— әлеуметтік желілер және қызметкерлердің құқықтары
— еңбек мигранттары
— «гиг-экономика» (еркін табыс экономикасы)
— үй қызметтері саласында жұмыс істейтін қызметкерлер
Халықаралық консультативтік кеңестің қолдауымен жұмыс істейтін беделді редакциялық алқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрнекті ғалымдардың қатысуымен маңызды мәселелердің кең ауқымын қамтитын ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
#SDG ТМД_4_ Сапалы білім
Жарияланған күні: 01.10.2026