JoVE — американдық ғылыми және білім беру бейнеплатформасына тестілік қолжетімділік
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
2026 жылғы 12 қазаннан бастап ғылыми және білім беру бейнематериалдарының жетекші платформасы JoVE ресурсына тестілік қолжетімділік ашылады.
JoVE платформасында әртүрлі пәндер бойынша 30 000-нан астам бейнематериал бар. JoVE коллекциялары бизнес, менеджмент, қаржы, маркетинг, экономика, психология және басқа да әлеуметтік-экономикалық бағыттарды қамтиды.
JoVE бейнематериалдары күрделі ұғымдарды көрнекі түрде түсінуге, оқу үдерісін қолдауға және практикалық әдістермен танысуға мүмкіндік береді.
Тестілік қолжетімділік:
- Басталуы:10.2026
- Ұзақтығы: 2 апта
JoVE платформасында қолжетімді:
- ғылыми және білім беру бейнематериалдары;
- ғылыми әдістер мен эксперименттердің көрнекі көрсетілімдері;
- оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған ресурстар;
- әртүрлі ғылыми пәндер бойынша материалдар.
Университетте офлайн-воркшоп
Кітапхананың ғылыми әдебиеттер залында 13.10.2026 сағат 16:10 JoVE маманының «Психология» бағыты бойынша офлайн-воркшопы өтеді.
Кездесу барысында қатысушылар JoVE платформасының мүмкіндіктерімен кеңірек танысып, оны тиімді пайдалануды үйреніп, өздерін қызықтырған сұрақтарын JoVE маманына тікелей қоя алады.
14.10.2026 сағат 15:00-де экономика бағыты бойынша онлайн-тренинг өткізіледі.
Zoom-ға қосылу:
https://us06web.zoom.us/j/87473081921?pwd=pAFKzWknfTHEilyT3Lofq9j6ZflOfo.1&jst=2
#ТДМ_4_Сапалы_білім
