Cambridge Journals Online: 2027 Full Package лицензиялық қолжетімділігі

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Сіздердің назарларыңызға Cambridge Journals Online: 2027 Full Package деректер қорына лицензиялық қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз.

Cambridge Journals Online платформасы 426 жетекші ғылыми журналды қамтитын пәнаралық жинаққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде ғылыми және кәсіби қоғамдар шығаратын 200-ден астам журнал бар.

Cambridge Journals журналдары мазмұнының сапасымен, тақырыптық ауқымының кеңдігімен және редакциялық этика талаптарын сақтауымен әлемге танымал. Олардың көпшілігі өз салаларындағы жетекші ғылыми басылымдар болып саналады. Бұл журналдар жинағы бүгінгі таңда қолжетімді ғылыми зерттеулердің ең құнды әрі жан-жақты қорларының бірі болып табылады.

Жазылым Read & Publish моделі бойынша рәсімделген. Бұл MNU-мен аффилирленген авторларға аталған журналдарға қол жеткізіп қана қоймай, Cambridge баспасының журналдарында өз ғылыми мақалаларын қосымша ақысыз, ашық қолжетімділік (Open Access) форматында жариялауға мүмкіндік береді.

Тақырыптық қамту

Cambridge Journals Online гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың кең ауқымды бағыттарын қамтиды, соның ішінде:

  • Тіл білімі және лингвистика – Cambridge баспасы тіл білімі мен лингвистика саласындағы әлемдік жетекші баспалардың бірі болып табылады. Журналдар теориялық, қолданбалы лингвистика және әлеуметтік лингвистика бағыттарын қамтиды.
  • Саясаттану – Cambridge бұл бағыттағы жетекші баспалардың бірі. Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы үздік 10 басылымның үшеуін шығарады.
  • Экономика – бизнес пен менеджментті зерттеу үшін маңызды дереккөз. Әсіресе эконометрика, экономикалық тарих және қаржы салаларындағы ғылыми зерттеулерді қамтиды.

Негізгі мүмкіндіктері

  • Келісім мерзімі ішінде журналдардың архивтік шығарылымдарына тегін қолжетімділік (цифрлық архивті қоспағанда). Журналдардың басым бөлігінің архивтері 1997 жылдан басталады.
  • Деректер қоры бойынша толық мәтінді іздеуді қамтамасыз ететін қуатты іздеу жүйесі.
  • IP-мекенжайлар арқылы қолжетімділік.
  • Мобильді нұсқасы қолжетімді (интернет трафигін де аз пайдаланады).

Қосымша ақпарат:

#ТДМ_4_Сапалы_білім

Жарияланған күні: 18.11.2026

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: