Westlaw Next International Academics жазылу
Құрметті әріптестер!
M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti Томсон Рейтер компаниясымен Англия және Уэльс, АҚШ, ЕО құқығы бойынша Westlaw Next International Academics ақпараттық – талдау жүйесіне және кейбір оффшорлық юрисдикцияларға қол жеткізетін келісім жасалғанын хабарлауға қуаныштымыз.
Westlaw Next International Academics шешімі 60-тан астам елде қолданылады. Оның негізінде әлемнің ең жақсы заңдық, жаңалықтар және коммерциялық ақпараты, нормативтік-құқықтық ақпараты, сот тәжірибесі бар кең кітапхана жатыр, шешім Сізге зерттеулерді тез әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін Sweet & Maxwell, Sweet & Maxwell Asia, Ellis Publications, Carswell және Westlaw баспаларының материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сізге келесі ақпарат қолжетімді болады:
Прецеденттік құқық және сот практикасы: Westlaw жүйесі жетекші шетелдік және халықаралық соттардың, онымен қоса шығарылғаннан кейін бес минут ішінде жарияланатын АҚШ Жоғарғы Сотының шешімдерінің топтамасын қамтиды.
Негізгі заңнамалық актілер: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Еуроодақ елдері және Азия-Тынық мұхит аймағы мемлекеттерінің кодификацияланған заңнамасына қол жеткізу.
Эксклюзивті аналитикалық материалдар: құқық саласында жалпыға танылған сарапшылардың, әлемнің жетекші заң мектептерінің профессорларының және ғаламдық заң фирмаларының серіктестерінің мақалалары мен монографиялары.
Халықаралық құқықтық жаңалықтар, ұйымдардың, құқық салаларының және өнеркәсіпті құқықтық қамтамасыз ету.