Legal Source ДБ тестілік қолжетімділік 01.02.22 бастап 01.04.22 дейін
М.С.Нәрікбаев атындағы кітапханада EBSCO Publishing — Legal Source ең ірі ақпараттық өнімдер жеткізушісінің деректер базысына тестілік қолжетімділік ұсынылады.
Ресурстарға қол жеткізу үшін сілтеме: : https://search.ebscohost.com
- 1100 ден астам толықмәтінді журналдар
- Ғылыми журналдардың егжей-тегжейлі индекстелуі, шолулар, жарғылар жинақтары, университеттер мен адвокаттар қауымдастығының мақалалары
- 420 дан астам заң шығару процестеріне шолу
- 2,4 миллионнан астам кітаптар шолулары енген жазбалар
Деректер ауқымы 1887 жылдан басталады. Деректер базасы құқық саласындағы ағымдық мәселелер, зерттеулер және тенденциялар бойынша әлем бойынша беделді акпараттық дереккөзі болып табылады.
Legal Source деректер базасы оқырмандарға келесі жолдар арқылы қолжетімді
Кітапхана және университет ғимаратында;
Сондай-ақ, кітапханадан тыс жерде интернет желісі арқылы кез-келген құрылғымен кіру. Топтамаға қолжеткізу үшін логин және парольді М.С.Нәрікбаев атындағы кітапхананың электрондық ресурстар залында ала аласыздар.
Байланысушы тұлға: Усин Айдар. E-mail: a_usin@kazguu.kz