Вольтерс Клювердің халықаралық еңбек құқығы бойынша 10 кітап жинағына жаңа жазылым
Құрметті оқырмандар!
Кітапхананың электронды кітап қоры Вольтерс Клювердің халықаралық еңбек құқығы бойынша жаңа басылымдарымен (10 дана көлемінде) толықтырылды.
Жинаққа сілтеме – https://wkldigitalbooks.integra.co.in/Customer/Home
Содан кейін іздеу жолағында Search опциясын таңдаңыз -Subscribed.
Wolters Kluwer – кәсіби мамандарға арналған ақпараттық қызмет көрсету және баспа өнімдерін шығару саласындағы халықаралық компания. Құқық, салық және бухгалтерлік есеп, қаржы салаларында ақпарат береді.
Фирма заңгерлік, корпоративтік және сәйкестік мамандары үшін сараптамалық құқықтық ресурстарды, құралдарды және жұмыс процесі шешімдерін ұсынады