Clarivate оқу вебинарлары – маусым, 2025 ж.
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Clarivate компаниясының орыс тіліндегі тегін вебинарларында берілетін кеңестерді қолдану арқылы ғылыми зерттеулеріңізді тиімді жүргізіңіз. Вебинарлар ZOOM платформасында өтеді, алдын ала тіркелу ашық. Вебинар уақытының 90%-ынан астамына қатысқан тыңдаушыларға қатысқандығын растайтын электронды сертификат беріледі.
10 маусым
Маңызды!
Тақырып: Web of Science Core Collection базасында негізгі іздеу
(Сертификаттау бағдарламасына дайындық)
Тезистер:
2025 жылғы 25–27 маусым аралығында өтетін сертификаттау бағдарламасына дайындық аясында, вебинар барысында Web of Science Core Collection базасының құрылымы, іздеу өрістері, қысқарту және ауыстыру белгілері, базалық іздеу, нәтижелерді нақтылау, параметрлер бойынша сүзгілер мен оларды талдау тәсілдері қарастырылады. Сондай-ақ, ғалым еңбектерін талдау және авторлық профильдерге тоқталамыз. Қатысушылар сұрақтарына жауап беріледі.
Уақыты: 14:00–15:00 (Астана уақыты)
17 маусым
Маңызды!
Тақырып: Web of Science Core Collection базасында кеңейтілген іздеу
(Сертификаттау бағдарламасына дайындық)
Тезистер:
Сертификаттау бағдарламасына дайындық аясында бұл вебинарда кеңейтілген іздеу мүмкіндіктері, сұрау синтаксисі, іздеулерді біріктіру, сондай-ақ ұйымның жарияланымдық белсенділігін талдау мәселелері қарастырылады. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріледі.
Уақыты: 14:00–15:00 (Астана уақыты)
Research Smarter
24 маусым
Тақырып: Journal Citation Reports™ 2025 мерейтойы
Тезистер:
Journal Citation Reports (JCR)™ жүйесінің жыл сайынғы жаңартуларымен танысып, оның мерейтойын бірге атап өтіңіз! Бұл вебинарда ғылыми басылымдар саласындағы өзгерістер аясында журнал профилі негізінде нақты деректерге сүйене отырып дұрыс шешім қабылдау жолдары көрсетіледі, мейлі ол алғашқы мақаланы ұсыну болсын немесе кітапхана қорларын басқару болсын. Сонымен қатар, журналдың әсер ету факторы (JIF), JCR көрсеткіштері, ашық қолжетімділік және авторлық деректер туралы жан-жақты мәлімет беріледі. JCR-ді Clarivate өнімдерімен, оның ішінде Web of Science-пен біріктіру мүмкіндіктері және журнал көрсеткіштерін жеке жүйеңізге Journals API арқылы енгізу жолдары таныстырылады.
Уақыты: 14:00–15:00 (Астана уақыты)
Тіркелу:
Презентер:
б.ғ.к. Ирина Тихонкова
Customer Success Consultant
Назарларыңызға:
- Платформаға қалай қол жеткізуге және тіркелуге болады
- Жеке кабинетке кіру жөніндегі бейнематериалдар
Жарияланған күні: 23.05.2025