Archives
JSTOR – Ғылыми журналдар мұрағаты
Құрметті оқырмандар!
Business I Collection JSTOR лицензиялық ресурсын пайдалану сіздер үшін ашық.
Аталмыш жинаққа экономика және қаржы бойынша негізгі басылымдар, соның ішінде қоғамдық ғылыми жетекшілердің бірқатар басылымдары,бухгалтерлік есеп аясындағы еңбек қатынастары, маркетинг, менеджмент, жедел зерттеулер және қауіпсіз бағалау саласындағы бірқатар сыни зерттеулер кіреді.
Сонымен қатар, біздің университет барлық тиісті бағдарламалар үшін JSTOR-ға ақпарат іздеу барысындағы арнайы кеңейтілген қолжетімділікті ұсынады.
JSTOR ресурсы COVID-19 -дан зардап шеккен мектептерді қолдау үшін ұсынатын мазмұн тізімін мына жерден табуға болады: https://about.jstor.org/covid19/.
JSTOR ғылыми-журналдар мұрағаты мен Primary Source жинақтары 2022 жылдың маусым айының 30-на дейін қолжетімді болады.
JSTOR – білім саласындағы ғылыми журналдардың түрлі мақалаларының мұрағатын ұсынады. Айта кетейік, JSTOR – журналдардың ағымдағы шығарылымдарының дерекқоры емес. JSTOR мәліметтер базасының айрықша ерекшелігі – мұрағатқа кеңейтілген хронологиялық іздеу мүмкіндігімен толықтай қамтамасыз етілген.
Мәліметтер форматы: PDF
Интегратор: JSTOR компаниясы
Құжаттар тілі: ағылшын
Ресурсқа қашықтан қол жеткізу М.С.Нәрікбаев атындағы электронды кітапхана сайтында орналастырылған беттен жүзеге асырылады , файл – «Қашықтан қолжетімді параметрлері»
Ағылшын тіліндегі жаңалықтар басылымына кіру: The Economist
Құрметті оқырмандар!
Сіздерге 08.02.2021 күнінен бастап «The Economist» іскерлік жаңалықтар басылымының электрондық нұсқасына кіре алатындарыңызды хабарлаймыз.
«The Economist» – бұл еркін сауда, жаһандану, иммиграция мәселелерін қамтитын британдық қоғамдық, саяси және іскери апталық журнал, классикалық экономикалық және мәдени либерализмнің типтік өкілі. Бұл журнал сауда-саттықтың экономикалық шарттары мен қағидаларын жақсы танитын, ағылшын тілді аудиторияға, атқарушы билік өкілдеріне, саясаткерлерге, экономистерге, банкирлерге, кәсіпкерлерге бағытталған.
«The Economist» әлемдік қаржы жаңалықтарына, саясат пен бизнеске, ғылым мен техникаға, әдебиет пен өнерге көп көңіл бөледі. Басылым өзінің тұрақты есептері мен материалдар жинағымен де танымал.
Басылымға М.С.Нарикбаев атындағы кітапхана арқылы кіре аласыз.
Әскери кафедра студенттеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсия өткізілді
24 қазан 2018 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Әскери кафедра студенттеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсия өткізілді. Экскурсия студенттерді тарихқа және патриотизмге бағыттайды
Кітапхананың сервисін жақсарту (сауалнама)
Оқырмандарға М.С. Нәрікбаев атындағы кітапхананың қызметін жақсарту үшін жүргізіліп жатқан сауалнамаға қатысу арқылы ұсынылатын қызметтердің сапасын мына сілтеме бойынша бағалау мүмкіндігі берілді.
«eBook Academic Collection-ге кіруге мүмкіндік бар
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
2017 жылдың 18 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін Сіздердің EBSCO деректер базасының eBook Academic Collection қол жеткізу мүмкіндіктеріңіз бар.
Деректер базасына қол жеткізу үшін мына сілтеме бойынша өтулеріңізді сұраймыз: search.ebscohost.com
Парольді М.С. Нәрікбаев атындағы кітапхананың электрондық ресурстар залында алуға болады. Жауапты тұлға – Усин Айдар
eBook Academic Collection — 170 мыңнан астам кітапты қамтитын мультидисциплинарлық кітап коллекциясы, бір мезгілде оған қол жеткізе алатын пайдаланушылардың саны есепсіз көп.
Кітапхана ScienceDirect және Scopus электрондық деректер базаларына қосылған
М.С. Нәрікбаев атындағы кітапхана ұлттық жазылым бойынша мынадай электрондық деректер базаларына қосылған:
ScienceDirect — электрондық деректер базасы ғылыми жарияланымдарға ақылы қолжетімділікті ұсынады. Ол 2500 ғылыми журнал мен 26 000 электрондық кітапты қамтиды.
Scopus – библиографиялық және рефераттық деректер базасы және ғылыми басылымдарда жарық көрген мақалалардың дәйексөздерін алынуын қадағалауға арналған құрал.
Бес мыңға жуық баспагердің техникалық, медициналық және гуманитарлық ғылымдар бойынша он сегіз мыңға тарта ғылыми басылым бірлігін қамтиды.
«ЕуАзЭО/ЕАЭО-дағы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» монографиясы
Құрметті оқырмандар!
М.С.Нәрікбаев атындағы кітапхана 15 маусымда сағат 11.00-де «ЕуАзЭО/ЕАЭО-дағы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» («Правовое регулирование экономических отношений в ЕврАзЭС/ЕАЭС») монографиясының тұсаукесеріне шақырады.
Жұмыс 2013-2015 жылдар аралығындағы ҚР БҒМ-мен қаржыландырылған іргелі зерттеулер аясында «ЕуАзЭО/ЕАЭО-дағы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдірудің мәселелері мен болашағы» («Проблемы и перспективы совершенствования правового регулирования экономических отношений в ЕврАзЭС/ЕАЭС») тақырыбы бойынша орындалған.
Авторлық ұжым:
– Идрышева Сара Кимадиевна, Ресей Федерациясының з.ғ.д., «КАЗГЮУ Университеті» АҚ профессоры – жобаның жетекшісі, Астана қ.
– Алибеков Сайлаубек Тынышбекович, Қазақстан Республикасы з.ғ.д., ҚазХҚХТ профессоры, тақырып жетекшісінің бірі, Алматы қ.
– Михалева Татьяна Николаевна, Беларус Республикасы з.ғ.к., Еуразиялық экономикалық одақ Соты Хатшылығы бөлімінің сараптамалық-талдаушылық кеңесшісі, Минск қ.
– Дауленов Мирас Мухтарович, Ph.D (Вроцлава Университеті), «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, Астана қ.
Өткізу орны: шетел әдебиеті залы
КАЗГЮУ Университетінде кітаптың тұсаукесері
7 ақпанда сағат 18.00-де КАЗГЮУ Университетінің кітапханасында университеттің түлегі Е. Сихимбаеваның ” Успех на 100 %: дельные советы для саморазгона” атты кітабының тұсаукесері өткізіледі.
Бұл шараға бірқатар елдердің Елшілері, дипломатиялық ведомстволардың қызметкерлері, журналистер, сондай-ақ университеттің студенттері мен оқытушылары қатысады.
М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханаға жаңа кітаптар әкелінді
Кітапханадағы жаңа кітаптар – бұл көптен күткен кездесу, әрқашан да тосын сый іспетті және жаңа әсер алу мүмкіндігі. Біз барлық оқырмандарды жаңа кітаптармен танысуға және ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі кітап жаңалықтарымен толыққан кітапханаға келуге шақырамыз.
Spelling error report
The following text will be sent to our editors: