Жаңа түсімдер


Study guide principles of economics

Басылым: Cengage Learning

Автор: Mankiw N.Gregory

Басылым жылы: 2015

ISBN: 978-1-285-86421-1

Theory and practice of counseling and psychotherapy

Басылым: Cengage Learning

Автор: Corey Gerald

Басылым жылы: 2017

ISBN: 978-1-305-26372-7

The toles grammar guide : A guide to the Test of Legal English Skills

Басылым:

Автор: Davies M.

Басылым жылы: 2019

ISBN: 978-1097174560

Archetypes of wisdom : an introduction to philosophy

Басылым: Cengage Learning

Автор: Soccio Douglas J.

Басылым жылы: 2016

ISBN: 978-1-285-87431-9

The CBT toolbox : a workbook for clients and clinicians

Басылым: Premier Publishing and Media

Автор: Riggenbach Jeff

Басылым жылы: 2013

ISBN: 978-1-936-12830-3

Branding inside out : internal branding in theory and practice

Басылым: Project Management Institute

Автор:

Басылым жылы: 2017

ISBN: 978-0-7494-7890-2

Kellogg on branding in a hyper-connected world

Басылым: Wiley

Автор:

Басылым жылы: 2019

ISBN: 978-1-119-53318-4

Designing brand identity : an essential guide for the entire branding team

Басылым: Wiley

Автор: Wheeler Alina

Басылым жылы: 2018

ISBN: 978-1-118-98082-8

Singapore : Smart citi, smart state

Басылым: Perseus Book

Автор: Calder Kent E.

Басылым жылы: 2016

ISBN: 978-0-8157-2947-1

A guide to the project management body of knowledge

Басылым: Project Management Institute,

Автор:

Басылым жылы: 2017

ISBN: 978-1-62825-184-5

Sustainability principles and practice

Басылым: Routledge

Автор: Robertson Margaret

Басылым жылы: 2017

ISBN: 978-1-138-65021-3

Marketing analytics a practical guide to improving consumer insights using data techniques

Басылым: Lightning Source

Автор: Grigsby Mike

Басылым жылы: 2014

ISBN: 978-0-7494-8216-9

Деректер қоры

Сынақтық қолжетімділік

Logo

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Сіздердің назарларыңызға кәсіби қызметтің түрлі салаларына арналған қолданбалы жасанды интеллект (AI) тақырыбындағы (321 атаудан тұратын) әлемдегі ең ірі анықтамалық басылымдар жинағы — AI + Book платформасына тестілік қолжетімділікті ұсынамыз.

Қолжетімділік мерзімі: 05.11.2026 – 20.12.2026

Сілтеме: https://portal.igpublish.com/

Username: mnu.kz_user01
Password: mnu.kz_user01

«AI +» сериясындағы басылымдар оқырмандарға жасанды интеллект мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби қызметінде жылдам әрі тиімді қолдануға көмектесу мақсатында әзірленген.

Әрбір мамандықтың өзіндік ерекшеліктері болғанымен, сериядағы барлық басылымдар бірыңғай редакциялық тұжырымдама мен әдіснамаға негізделген. Олар нақты кәсіби міндеттер мен дағдыларға бағытталған, тәжірибеде қолдануға арналған өзекті анықтамалық құралдар болып табылады.

«AI +» сериясы — теория емес, қолданбалы жасанды интеллект.

«AI +» сериясындағы әрбір кітапта не ұсынылады?

 

  1. Саланың қазіргі жағдайына шолу

Әрбір кітап белгілі бір кәсіби салада жасанды интеллектіні енгізудің қазіргі жағдайына шолудан басталады. Технологияларды қолдануға қатысты нақты деректер келтіріліп, олардың тиімділігі талданады. Сондай-ақ саланың бүгінгі даму деңгейіне қалай жеткені қарастырылады. Бұл оқырманға саланың қазіргі ахуалын түсінуге мүмкіндік береді.

  1. Нақты тәжірибеден алынған мысалдар

Кітаптарда қарастырылатын дағдылар жетекші ұйымдардың жасанды интеллектіні өз қызметінде қолдану тәжірибесінен алынған үздік мысалдармен толықтырылады. Әр бөлімнің соңында «Бұл сіздің кәсіби қызметіңіз үшін нені білдіреді?» деген сұраққа жауап беретін практикалық іс-қимыл жоспары ұсынылады.

  1. Нақты кәсіби бағыттарға арналған әдістемелік тәсілдер

Әрбір кәсіби салаға арнайы әзірленген, тәжірибеде бірден қолдануға болатын практикалық модельдер ұсынылады. Мысалы, «AI + Librarians» (Кітапханашыларға арналған жасанды интеллект) кітабында кітапханашылардың міндеттері мен AI құралдарының картасы, промпт құрастыруға арналған PRISM моделі, нәтижелерді бағалауға арналған TRUST жүйесі, сондай-ақ «Іріктеу – Іздеу – Қызмет көрсету» (Curate–Discover–Serve) жұмыс циклі қамтылған.

  1. Заманауи құралдар мен озық жұмыс әдістері

Жасанды интеллект құралдары санаттар бойынша жүйеленіп, олардың соңғы рет тексерілген күні көрсетіледі. Сонымен қатар тәжірибеде тиімділігі дәлелденген жұмыс әдістері ұсынылады. Ақпарат әр алты ай сайын жаңартылып отырады.

  1. Дайын промпттар жинағы

Белгілі бір кәсіби салаға арнайы әзірленген, нөмірленген промпт үлгілерінің жинағы ұсынылады. Оларды кез келген AI құралына көшіріп, бірден пайдалануға болады. Бұл зерттеу жұмыстарын жүргізуге және басқа да кәсіби міндеттерді орындауға көмектеседі.

Тестілік қолжетімділік аясында 2026 жылғы 20 қарашада (Жұма) сағат 12:00–12:30 аралығында доктор Си (Dr. See) қатысуымен вебинар өтеді.

Вебинарға қосылу сілтемесі: meet.google.com/bwb-aotd-idb

#ТДМ_4_Сапалы_білім

Жарияланған күні: 05.11.2026

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Сіздерге EBSCO компаниясының eBook ITcore Collection электрондық кітаптар жинағына 28.10.2026 – 15.12.2026 аралығында тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз.

Бұл ақпараттық технологиялар саласына арналған танымал электрондық кітаптар жинағы мамандарға өз білімдерін кеңейтуге, негізделген шешімдер қабылдауға, өнімдерді жобалау сапасын арттыруға және озық жұмыс әдістерін енгізуге көмектеседі.

Жинаққа контентті басқару мен жұмыс үстелі қосымшаларынан бастап графикалық дизайн мен мультимедиаға дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтитын 2000-нан астам электрондық кітап кіреді.

Төмендегі тақырыптар бойынша электрондық кітаптарды оқуға мүмкіндік бар:

  • Бизнес, операциялық қызмет және жобаларды басқару
  • Дерекқорлар және деректерді өңдеу
  • Жұмыс үстелі және корпоративтік қосымшалар
  • Ақпараттық технологиялар және теория
  • Желілер және желілік технологиялар
  • Операциялық жүйелер
  • Ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік
  • Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу
  • Жүйелік әкімшілендіру және архитектура
  • Веб-дизайн, веб-технологияларды пайдалану және бағдарламалау

Қолжетімділік IP-мекенжайлар арқылы беріледі.

EBSCO eBooks ITcore Collection жинағына шолу (PDF)

#ТДМ_4_Сапалы_білім

Жарияланған күні: 28.10.2026

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Сіздерге Emerald eJournals Premier деректер базасына 02.11.2026 – 02.12.2026 аралығында IP мекенжайлар арқылы тесттік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз.

Қолжетімділік сілтемесі: https://www.emerald.com/insight

 Emerald eJournals Premier – Emerald Publishing баспасының ең ірі ғылыми деректер базасы, ол келесі бағыттар бойынша 300-ден астам рецензияланатын журналдарды қамтиды:
✅ Экономика
✅ Менеджмент
✅ Қаржы
✅ Маркетинг
✅ Білім беру
✅ Әлеуметтік және техникалық ғылымдар

Тесттік кезең барысында барлық пайдаланушылар ғылыми мақалалардың толық мәтіндеріне қол жеткізе алады.

Зерттеу көкжиегіңізді кеңейтіп, жетекші академиялық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Қатысуларыңызды асыға күтеміз!

Emerald Insight User Guide

#ТДМ_4_Сапалы_білім

Жарияланған күні: 22.10.2026

Барлық тестілік жазбалар ->

Жаңалықтар

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Сіздердің назарларыңызға Cambridge Journals Online: 2027 Full Package деректер қорына лицензиялық қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз.

Cambridge Journals Online платформасы 426 жетекші ғылыми журналды қамтитын пәнаралық жинаққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде ғылыми және кәсіби қоғамдар шығаратын 200-ден астам журнал бар.

Cambridge Journals журналдары мазмұнының сапасымен, тақырыптық ауқымының кеңдігімен және редакциялық этика талаптарын сақтауымен әлемге танымал. Олардың көпшілігі өз салаларындағы жетекші ғылыми басылымдар болып саналады. Бұл журналдар жинағы бүгінгі таңда қолжетімді ғылыми зерттеулердің ең құнды әрі жан-жақты қорларының бірі болып табылады.

Жазылым Read & Publish моделі бойынша рәсімделген. Бұл MNU-мен аффилирленген авторларға аталған журналдарға қол жеткізіп қана қоймай, Cambridge баспасының журналдарында өз ғылыми мақалаларын қосымша ақысыз, ашық қолжетімділік (Open Access) форматында жариялауға мүмкіндік береді.

Тақырыптық қамту

Cambridge Journals Online гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың кең ауқымды бағыттарын қамтиды, соның ішінде:

  • Тіл білімі және лингвистика – Cambridge баспасы тіл білімі мен лингвистика саласындағы әлемдік жетекші баспалардың бірі болып табылады. Журналдар теориялық, қолданбалы лингвистика және әлеуметтік лингвистика бағыттарын қамтиды.
  • Саясаттану – Cambridge бұл бағыттағы жетекші баспалардың бірі. Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы үздік 10 басылымның үшеуін шығарады.
  • Экономика – бизнес пен менеджментті зерттеу үшін маңызды дереккөз. Әсіресе эконометрика, экономикалық тарих және қаржы салаларындағы ғылыми зерттеулерді қамтиды.

Негізгі мүмкіндіктері

  • Келісім мерзімі ішінде журналдардың архивтік шығарылымдарына тегін қолжетімділік (цифрлық архивті қоспағанда). Журналдардың басым бөлігінің архивтері 1997 жылдан басталады.
  • Деректер қоры бойынша толық мәтінді іздеуді қамтамасыз ететін қуатты іздеу жүйесі.
  • IP-мекенжайлар арқылы қолжетімділік.
  • Мобильді нұсқасы қолжетімді (интернет трафигін де аз пайдаланады).

Қосымша ақпарат:

#ТДМ_4_Сапалы_білім

Жарияланған күні: 18.11.2026

Оқытушыларды, студенттерді және кітапхана қызметкерлерін «Знаниум» электрондық кітапхана жүйесі (ЭКЖ) бойынша өтетін онлайн вебинарға шақырамыз!

Яндекс Телемостқа қосылу сілтемесі:
https://telemost.yandex.ru/j/16319492614451

Өткізілетін күні мен уақыты: 24.11.2026 ж., сағат 11:00-де.

Қысқа онлайн кездесу барысында қажетті басылымдарды қайдан және қалай табуға болатынын, платформаның қызметтерін қалай пайдалануды және «Знаниум» жүйесін оқу үдерісіне қалай енгізуге болатынын көрсетеміз.

Сабаққа дайындалу және қажетті әдебиеттерді іріктеу кезінде уақытты үнемдеуге көмектесетін тиімді практикалық тәсілдермен бөлісеміз.

Вебинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, оқытушылар мен студенттер жиі кездесетін практикалық мәселелер талқыланады.

Вебинар жүргізушісі: Никошина Н.Н., клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, жоғары оқу орындарымен жұмыс бөлімі.

Вебинар туралы хабарландыру — Maqsut Narikbayev University (Қазақстан), 24.11.2026

#ТДМ_4_Сапалы_білім

Жарияланған күні: 17.11.2026

Барлық жаңалықтар ->

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: