LexisNexis деректер қорына тестілік қолжетімділік
-
Құрметті университеттің оқытушылары мен студенттері!
2025 жылдың 3 қарашасынан 3 желтоқсанына дейін MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY сіздерге LexisNexis деректер қорына тегін тестілік қолжетімділікті ұсынады.
Nexis Uni — бұл заңгерлерге, саясаттанушыларға, журналистерге, қоғаммен байланыс мамандарына және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеушілерге арналған кең ауқымды ақпараттық база.
Осы мүмкіндікті пайдаланыңыз!
Өз зерттеулеріңіз үшін қажетті материалдарды жүктеп алыңыз:- Құқық саласындағы зерттеушілерге: шетелдік заңнамаға, сот істеріне және құқықтық журналдардағы мақалаларға қол жеткізіңіз.
- Бизнес-талдаушыларға: шетелдік компаниялардың қызметі мен жаһандық нарық туралы талдамалық ақпарат алыңыз.
- Саясаттанушыларға, журналистер мен халықаралық қатынастар мамандарына: әлемдік жетекші ақпарат көздеріндегі жаңалықтарды зерттеңіз.
Қолжетімділік тәртібі:
- Тестілік қолжетімділік толығымен тегін.
- Пайдаланушы идентификаторы немесе құпиясөз қажет емес.
- Тек LexisNexis сайтына кіріп, университеттің компьютерінен немесе университет Wi-Fi желісіне қосылған жеке құрылғыңыздан кіріңіз.
Тестілік кезең:
- Басталуы: 2025 жылғы 3 қараша
- Аяқталуы: 2025 жылғы 3 желтоқсан
Мүмкіндік бар кезде пайдаланып үлгеріңіз!
#SDG Goal_4_ Сапалы_білімЖарияланған күні: 15.10.2025