Taylor & Francis электронды кітап платформасына тестілік қол жетімділік – 01.02.2026 – 28.02.2026 ж.

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Әлемдегі жетекші ғылыми баспагер Taylor & Francis 2026 жылдың 01 ақпанынан бастап 2026 жылдың 28 ақпанына дейін Taylor & Francis платформасындағы IP мекенжайлары арқылы әртүрлі тақырыптық бағыттар бойынша бірегей электрондық кітаптар жинағына тестілік қолжетімділікті ашты — https://www.taylorfrancis.com. 

Taylor & Francis eBooks – әлемге әйгілі және марапатқа ие редакторлар мен авторлар желісі жазған электронды кітаптардың кең жинағын ұсынатын онлайн-цифрлық платформа.

МҮМКІНДІКТЕР, АРТЫҚШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫЛЫҚ:

  • Электрондық кітаптардағы барлық мазмұн үшін оңтайландырылған пайдаланушы тәжірибесі және бірыңғай іздеу нүктесі
  • Кітап пен тарау деңгейінде мазмұнды іздеу және табу мүмкіндіктерінің жетілдірілуі
  • Дәйексөз келтіру функциясының жетілдірілуі (APA форматы)
  • Іздеу нәтижелерін сүзу мүмкіндіктерінің жетілдірілуі
  • Кітаптар мен кітап тарауларына қол жеткізу — PDF файлдарын жүктеп алу мүмкіндігі
  • Кітаптар мен тарауларға арналған аннотациялар іздеу нәтижелерінде де, өнім беттерінде де қолжетімді
  • Өнімдердің басым бөлігі үшін егжей-тегжейлі мазмұн кестесі
  • APA форматында библиографиялық сілтемелерді құру

T&F eBooks

T&F Why use eBooks poster

#SDG Goal_4_ сапалы білім

Жарияланған күні: 29.01.2026

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: