EBSCO компаниясының eBooks ITCore Collection дерекқорына тестілік қолжетімділік туралы хабарлама 04.02.2026 – 04.05.2026
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар!
Ақпараттық технологиялар саласына арналған электрондық ресурстарды пайдалануды кеңейту мақсатында EBSCO компаниясының eBooks ITCore Collection дерекқорына тестілік қолжетімділік ашылғаны туралы хабарлаймыз.
eBooks ITCore Collection — ақпараттық технологиялар бағыты бойынша қалыптастырылған, жетекші халықаралық баспалардың электрондық кітаптарын біріктіретін мамандандырылған коллекция. Аталған ресурс зерттеушілерге IT-индустрия саласындағы заманауи үрдістерді терең зерделеуге, ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға, бағдарламалық өнімдер әзірлеуге және озық тәжірибелерді тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Коллекция құрамына 100-ден астам баспадан жарық көрген 2040 электрондық кітап (монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, ақпараттық-анықтамалық басылымдар) енгізілген.
Ресурста ақпараттық технологиялар саласының келесі негізгі бағыттары бойынша әдебиеттер ұсынылған:
– бизнес-процестер, операциялық қызмет және жобаларды басқару
– дерекқорлар және деректерді өңдеу
– үстелдік және корпоративтік қосымшалар
– ақпараттық технологиялар және ақпарат теориясы
– желілер және желілік технологиялар
– операциялық жүйелер
– бағдарламалау және бағдарламалау тілдері
– ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік
– бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
– жүйелік әкімшілендіру және жүйелік архитектура
– веб-дизайн, веб-қолдану және веб-бағдарламалау
Аталған дерекқор оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу және академиялық қызмет барысында пайдалануға арналған. Барлық материалдар толықмәтінді форматта ұсынылып, іздеу, онлайн оқу және мәтінмен жұмыс істеуге арналған функционалдық құралдармен қамтамасыз етілген.
📅 Тестілік қолжетімділік мерзімі: 04.02.2026 – 04.05.2026
Дерекқорға қолжетімділік университет аумағында IP-мекенжайлар арқылы келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады:
🔗 https://search.ebscohost.com
Сонымен қатар логин мен құпиясөзді пайдалану арқылы қашықтан қолжетімділік мүмкіндігі қарастырылған:
Пайдаланушы аты: kazguu
Құпиясөз: KAZ123!
Академиялық қауымдастықты аталған ресурсты оқу және ғылыми қызметте белсенді пайдалануға шақырамыз.
#SDG Goal_4_Сапалы_білім
Жарияланған күні: 03.02.2026
