MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY үшін EBSCO вебинары

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Сіздерді «MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ғылыми-білім беру қызметінде “Pearson IT Professional eBook” және “eBook ITCore” IT пәндері бойынша электронды кітаптар жинақтарын пайдалану ерекшеліктері» тақырыбындағы веб-семинарға шақырамыз.

Қашан: 2026 жылғы 31 наурыз, сағат 15:00 (Астана уақыты).
Вебинарға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Оқыту вебинары барысында сіз мыналарды білесіз:

— Университетте қолжетімді (04.05.2026 дейін тестілік қолжетімділікпен) “Pearson IT Professional eBook” және “eBook ITCore” толықмәтінді электронды кітаптар жинақтарына қайдан және қалай қол жеткізуге болады

— Іздеу нәтижелерін барынша дәл алу үшін іздеу сұранысын қалай құрастыру керек

— Ресурстармен жұмыс істеу кезінде қандай шектеуіштер мен кеңейткіштерді қолдануға болады

— Табылған материалдарды қалай жүктеу, жіберу, дәйексөз келтіру және экспорттау керек

— Электронды кітаптарды жүктеудің қандай ерекшеліктері бар

— Платформада жеке аккаунт не үшін қажет

Веб-семинарға қатысу үшін алдын ала тіркеліңіз:

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_W2YaIvcjSEuZQCkhiBtfsw

Тіркелгеннен кейін сізге веб-семинарға кіру туралы ақпарат көрсетілген растау электрондық хаты жіберіледі.

Вебинар ұзақтығы: 1 сағат
Іс-шара тілі: орыс тілі

Вебинар жүргізушісі:

Ирина Сержан

Клиенттерді оқыту жөніндегі маман
Молдова, Орталық Азия, Кавказ өңірі

!#SDG Goal_4_ Сапалы_білім

Жарияланған күні: 19.03.2026

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: