EBSCO платформасында MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY үшін AI Insights функциясы іске қосылды
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерге EBSCO платформасында Maqsut Narikbayev University үшін AI Insights (Жасанды интеллект) функциясының іске қосылғаны туралы хабарлаймыз — https://research.ebsco.com/c/f3q4q3/search.
AI Insights толықмәтінді мақалалар бойынша сапалы түйіндер (резюме) жасап, пайдаланушыларға зерттеу тақырыбына қатысты мақаланың өзектілігін тез бағалауға мүмкіндік береді. Бұл функция көпшілік құжаттар үшін 2-5 негізгі тармақты бөліп көрсетеді. Мәліметтер базалары мен кең ауқымды лицензиялық контентке арналған бұл стандартталған формат ақпаратқа жедел әрі жүйелі шолу жасауға жол ашады.
AI Insights функциясы тиісті толық мәтін қолжетімді болғанда ғана көрсетіледі. Кейбір жазбаларда «Generate AI Insight» батырмасы көрінбеуі мүмкін – мысалы, мақала тым қысқа болған жағдайда. Айта кету маңызды: бұл жасанды интеллект құралы баспалардың рұқсатымен пайдаланылады, сондықтан рұқсат алынбаған сирек жағдайларда AI Insights көрсетілмейді.
Сонымен қатар, «табиғи тілдегі іздеу» функциясы да қолжетімді: бұл пайдаланушылардың терминологияны міндетті түрде білуін талап етпейді, іздеу сұранысын қарапайым сөздермен тұжырымдауға болады. Жүйе мұндай сұраныстарды тиісті терминдермен сәйкестендіріп, «сараптамалық» нәтижелерді ұсынады. Яғни, пайдаланушы іздеу саласының маманы болмаса да, кәсіби нәтижелерге қол жеткізе алады.
Қосымшада EBSCO AI Insights туралы ағылшын тіліндегі флаер, сондай-ақ EBSCO Connect сайтындағы жасанды интеллект тақырыбындағы мақалаларға сілтемелер берілген. Бұл материалдардан пайдалы ақпаратты көптеп табуға болады:
Artificial Intelligence (AI) – Quick Start Guide
EBSCO сайтында ЖИ қолдану туралы ақпарат
EBSCO AI Insights зерттеу процесін жеңілдетіп, пайдаланушылар үшін тиімділікті арттырады.
EBSCO платформасының жаңа мүмкіндіктерін бағалап көріңіз.
AI-Insights-Overview-A4
Жарияланған күні: 23.04.2025