LexisNexis деректер қорына тестілік қолжетімділік

  • Құрметті университеттің оқытушылары мен студенттері!

    2025 жылдың 3 қарашасынан 3 желтоқсанына дейін MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY сіздерге LexisNexis деректер қорына тегін тестілік қолжетімділікті ұсынады.
    Nexis Uni — бұл заңгерлерге, саясаттанушыларға, журналистерге, қоғаммен байланыс мамандарына және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеушілерге арналған кең ауқымды ақпараттық база.
    Осы мүмкіндікті пайдаланыңыз!
    Өз зерттеулеріңіз үшін қажетті материалдарды жүктеп алыңыз:

    • Құқық саласындағы зерттеушілерге: шетелдік заңнамаға, сот істеріне және құқықтық журналдардағы мақалаларға қол жеткізіңіз.
    • Бизнес-талдаушыларға: шетелдік компаниялардың қызметі мен жаһандық нарық туралы талдамалық ақпарат алыңыз.
    • Саясаттанушыларға, журналистер мен халықаралық қатынастар мамандарына: әлемдік жетекші ақпарат көздеріндегі жаңалықтарды зерттеңіз.

    Қолжетімділік тәртібі:

    • Тестілік қолжетімділік толығымен тегін.
    • Пайдаланушы идентификаторы немесе құпиясөз қажет емес.
    • Тек LexisNexis сайтына кіріп, университеттің компьютерінен немесе университет Wi-Fi желісіне қосылған жеке құрылғыңыздан кіріңіз.

    Тестілік кезең:

    • Басталуы: 2025 жылғы 3 қараша
    • Аяқталуы: 2025 жылғы 3 желтоқсан

    Мүмкіндік бар кезде пайдаланып үлгеріңіз!
    #SDG Goal_4_ Сапалы_білім

    Жарияланған күні: 15.10.2025

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: