Taylor & Francis электронды кітап платформасына тестілік қол жетімділік – 01.02.2026 – 28.02.2026 ж.
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Әлемдегі жетекші ғылыми баспагер Taylor & Francis 2026 жылдың 01 ақпанынан бастап 2026 жылдың 28 ақпанына дейін Taylor & Francis платформасындағы IP мекенжайлары арқылы әртүрлі тақырыптық бағыттар бойынша бірегей электрондық кітаптар жинағына тестілік қолжетімділікті ашты — https://www.taylorfrancis.com.
Taylor & Francis eBooks – әлемге әйгілі және марапатқа ие редакторлар мен авторлар желісі жазған электронды кітаптардың кең жинағын ұсынатын онлайн-цифрлық платформа.
МҮМКІНДІКТЕР, АРТЫҚШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫЛЫҚ:
- Электрондық кітаптардағы барлық мазмұн үшін оңтайландырылған пайдаланушы тәжірибесі және бірыңғай іздеу нүктесі
- Кітап пен тарау деңгейінде мазмұнды іздеу және табу мүмкіндіктерінің жетілдірілуі
- Дәйексөз келтіру функциясының жетілдірілуі (APA форматы)
- Іздеу нәтижелерін сүзу мүмкіндіктерінің жетілдірілуі
- Кітаптар мен кітап тарауларына қол жеткізу — PDF файлдарын жүктеп алу мүмкіндігі
- Кітаптар мен тарауларға арналған аннотациялар іздеу нәтижелерінде де, өнім беттерінде де қолжетімді
- Өнімдердің басым бөлігі үшін егжей-тегжейлі мазмұн кестесі
- APA форматында библиографиялық сілтемелерді құру
#SDG Goal_4_ сапалы білім
Жарияланған күні: 29.01.2026
