Макс Планк халықаралық құқық энциклопедиялары ашық қолжетімділікте
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Макс Планк халықаралық жария құқық энциклопедиясы (оның ішінде Макс Планк халықаралық іс жүргізу құқығы энциклопедиясы) 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі (тек 2025 жылдың сәуірінен 2026 жылдың наурызына дейін жарияланған мазмұн) кезеңде жарияланған контент бойынша университеттің IP мекенжайлары арқылы тегін қолжетімді екенін хабарлаймыз.
Аталған екі ресурс — халықаралық құқық пен халықаралық іс жүргізу құқығы салаларындағы рецензияланған ғылыми мақалалардан құралған кең көлемді академиялық еңбек болып табылады және бұл еңбектер аталған салалардағы ең өзекті және заманауи үрдістерді қамтиды.
Макс Планк халықаралық жария құқық энциклопедиясы — халықаралық жария құқықтың барлық аспектілері бойынша рецензияланған мақалалардан тұратын ауқымды онлайн ресурс. Онда халықаралық құқықтың тарихы мен теориясы, сондай-ақ оның барлық салалары — халықаралық қылмыстық құқық, экологиялық және экономикалық құқық, маңызды сот істері, ірі шарттар мен келісімдер, ұйымдар, қарулы жанжалдар мен географиялық мәселелер қамтылады.
Макс Планк халықаралық іс жүргізу құқығы энциклопедиясы халықаралық құқықтың қалай қалыптасып, тәжірибеде қалай қолданылатынын қамтамасыз ететін жүйелер мен процестерді бейнелеп, талдайды. Энциклопедияның мақсаты — халықаралық іс жүргізу құқығының көптеген қырлары бойынша ақпарат пен білімді жинақтау, оның өзегі дауларды шешудің соттық тетіктерін орналастыру болып табылады. Келіссөздер, делдалдық, татуластыру, сондай-ақ саяси және әкімшілік рәсімдер де энциклопедияның қамту аясына кіреді.
Мақалаларды атауы, толық мәтіні, авторы, библиографиясы және т.б. бойынша іздеуге болады; жинақты атауы, тақырыбы немесе авторы бойынша шолып көруге болады.
📘 #SDG Goal_4_ Сапалы_білім
Жарияланған күні: 21.05.2025