Волтерс Клувер (Нидерланды) халықаралық баспасында жарияланған “Commercial and Economic Law in Kazakhstan” монографиясы М. С. Нәрікбаев атындағы кітапхана қорына сыйға тартылды.


Хасенов Мүслім Ханатұлы, M. S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Assistant professor, Iel (International Encyclopaedia of Laws) халықаралық заңдар энциклопедиясы шеңберінде Волтерс Клувер (Нидерланды) халықаралық баспасында жарияланған “Commercial and Economic Law in Kazakhstan” кітабын М.С. Нәрікбаев атындағы кітапхана қорына сыйға тартты.

Кітап әлемдік авторлар өздерінің ұлттық құқықтық жүйелері бойынша ұстанатын бірыңғай құрылым бойынша біздің еліміздің коммерциялық және экономикалық құқық мәселелерін жүйелейтін анықтамалық-талдамалық басылымдардын қамтиды.

Энциклопедия халықаралық Wolters Kluwer деректер базасында қол жетімді және әлемнің барлық ірі кітапханаларында оқуға тікелей мүмкіндік бар.

Wolters Kluwer баспасы баспа индустриясы көшбасшыларының рейтингінде әлем бойынша 5-ші орында (Global 50 The World Ranking of the Publishing Industry 2020) және жазылушылар арасында жоғары сұранысқа ие.

Кітаптың библиографиялық мәліметтері:

Muslim Khassenov, ‘Kazakhstan’, (2021), pp.1-512 in Jules Stuyck and Evelyne Terryn (eds), IEL Commercial and Economic Law, (Kluwer Law International BV, Netherlands),

https://kluwerlawonline.com/EncyclopediaChapter/IEL+Commercial+and+Economic+Law/COMM20210002

Бұл беделді әлемдік баспада жарияланған алғашқы кітап емес. Айта кетейік, 2017 жылы М. Х.Хасенов профессор Е. Н. Нұрғалиевамен бірге осы баспада “Labour Law and Industrial Relations in Kazakhstan”атты еңбек құқығы жөніндегі кітабы жарық көрген болатын.

Автор туралы ақпарат:

Хасенов Мүслім Ханатұлы:

“Құқықтану” мамандығы бойынша философия докторы (PhD), “Халықаралық құқық” мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі, Еңбек және әлеуметтік құқық орталығының басшысы, M. S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU unıversıteti assistant professor, Novo Integro Consulting Бас директоры.

Орыс және ағылшын тілдерінде еңбек, кәсіподақ, коммерциялық және экономикалық құқық бойынша монографиялар мен оқулықтарды қоса алғанда, құқықтық мәселелер бойынша 100-ден астам жарияланымдары бар.

Халықаралық Еңбек Ұйымының, Дүниежүзілік Банктің, БҰҰ Даму Бағдарламасының, Қазақстанның министрліктері мен ведомстволарының бірқатар жобаларында кеңесшісі болып табылады.

ҚР Парламенті Сенаты жанындағы «Жас сарапшылар» клубының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы сарапшылар кеңесінің, “Юстус”заң консультанттары палатасының мүшесі.

Қазақстан Республикасы”Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының, “Ғылым” номинациясы лауреаты, «Тұңғыш Президент қоры» ұйымдастырылуымен “Заң ғылымына қосқан үлесі” номинациясы бойынша “Жылдың үздік жас заңгері”конкурсының 1 орын иегері.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: