Жаңа түсімдер


Study guide principles of economics

Басылым: Cengage Learning

Автор: Mankiw N.Gregory

Басылым жылы: 2015

ISBN: 978-1-285-86421-1

Theory and practice of counseling and psychotherapy

Басылым: Cengage Learning

Автор: Corey Gerald

Басылым жылы: 2017

ISBN: 978-1-305-26372-7

The toles grammar guide : A guide to the Test of Legal English Skills

Басылым:

Автор: Davies M.

Басылым жылы: 2019

ISBN: 978-1097174560

Archetypes of wisdom : an introduction to philosophy

Басылым: Cengage Learning

Автор: Soccio Douglas J.

Басылым жылы: 2016

ISBN: 978-1-285-87431-9

The CBT toolbox : a workbook for clients and clinicians

Басылым: Premier Publishing and Media

Автор: Riggenbach Jeff

Басылым жылы: 2013

ISBN: 978-1-936-12830-3

Branding inside out : internal branding in theory and practice

Басылым: Project Management Institute

Автор:

Басылым жылы: 2017

ISBN: 978-0-7494-7890-2

Kellogg on branding in a hyper-connected world

Басылым: Wiley

Автор:

Басылым жылы: 2019

ISBN: 978-1-119-53318-4

Designing brand identity : an essential guide for the entire branding team

Басылым: Wiley

Автор: Wheeler Alina

Басылым жылы: 2018

ISBN: 978-1-118-98082-8

Singapore : Smart citi, smart state

Басылым: Perseus Book

Автор: Calder Kent E.

Басылым жылы: 2016

ISBN: 978-0-8157-2947-1

A guide to the project management body of knowledge

Басылым: Project Management Institute,

Автор:

Басылым жылы: 2017

ISBN: 978-1-62825-184-5

Sustainability principles and practice

Басылым: Routledge

Автор: Robertson Margaret

Басылым жылы: 2017

ISBN: 978-1-138-65021-3

Marketing analytics a practical guide to improving consumer insights using data techniques

Басылым: Lightning Source

Автор: Grigsby Mike

Басылым жылы: 2014

ISBN: 978-0-7494-8216-9

Деректер қоры

Сынақтық қолжетімділік

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар!

Ақпараттық технологиялар саласына арналған электрондық ресурстарды пайдалануды кеңейту мақсатында EBSCO компаниясының eBooks ITCore Collection дерекқорына тестілік қолжетімділік ашылғаны туралы хабарлаймыз.

eBooks ITCore Collection — ақпараттық технологиялар бағыты бойынша қалыптастырылған, жетекші халықаралық баспалардың электрондық кітаптарын біріктіретін мамандандырылған коллекция. Аталған ресурс зерттеушілерге IT-индустрия саласындағы заманауи үрдістерді терең зерделеуге, ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға, бағдарламалық өнімдер әзірлеуге және озық тәжірибелерді тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Коллекция құрамына 100-ден астам баспадан жарық көрген 2040 электрондық кітап (монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, ақпараттық-анықтамалық басылымдар) енгізілген.

Ресурста ақпараттық технологиялар саласының келесі негізгі бағыттары бойынша әдебиеттер ұсынылған:

– бизнес-процестер, операциялық қызмет және жобаларды басқару
– дерекқорлар және деректерді өңдеу
– үстелдік және корпоративтік қосымшалар
– ақпараттық технологиялар және ақпарат теориясы
– желілер және желілік технологиялар
– операциялық жүйелер
– бағдарламалау және бағдарламалау тілдері
– ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік
– бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
– жүйелік әкімшілендіру және жүйелік архитектура
– веб-дизайн, веб-қолдану және веб-бағдарламалау

Аталған дерекқор оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу және академиялық қызмет барысында пайдалануға арналған. Барлық материалдар толықмәтінді форматта ұсынылып, іздеу, онлайн оқу және мәтінмен жұмыс істеуге арналған функционалдық құралдармен қамтамасыз етілген.

📅 Тестілік қолжетімділік мерзімі: 04.02.2026 – 04.05.2026

Дерекқорға қолжетімділік университет аумағында IP-мекенжайлар арқылы келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады:
🔗 https://search.ebscohost.com

Сонымен қатар логин мен құпиясөзді пайдалану арқылы қашықтан қолжетімділік мүмкіндігі қарастырылған:
Пайдаланушы аты: kazguu
Құпиясөз: KAZ123!

Академиялық қауымдастықты аталған ресурсты оқу және ғылыми қызметте белсенді пайдалануға шақырамыз.

#SDG Goal_4_Сапалы_білім

Жарияланған күні: 03.02.2026

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Әлемдегі жетекші ғылыми баспагер Taylor & Francis 2026 жылдың 01 ақпанынан бастап 2026 жылдың 28 ақпанына дейін Taylor & Francis платформасындағы IP мекенжайлары арқылы әртүрлі тақырыптық бағыттар бойынша бірегей электрондық кітаптар жинағына тестілік қолжетімділікті ашты — https://www.taylorfrancis.com. 

Taylor & Francis eBooks – әлемге әйгілі және марапатқа ие редакторлар мен авторлар желісі жазған электронды кітаптардың кең жинағын ұсынатын онлайн-цифрлық платформа.

МҮМКІНДІКТЕР, АРТЫҚШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫЛЫҚ:

  • Электрондық кітаптардағы барлық мазмұн үшін оңтайландырылған пайдаланушы тәжірибесі және бірыңғай іздеу нүктесі
  • Кітап пен тарау деңгейінде мазмұнды іздеу және табу мүмкіндіктерінің жетілдірілуі
  • Дәйексөз келтіру функциясының жетілдірілуі (APA форматы)
  • Іздеу нәтижелерін сүзу мүмкіндіктерінің жетілдірілуі
  • Кітаптар мен кітап тарауларына қол жеткізу — PDF файлдарын жүктеп алу мүмкіндігі
  • Кітаптар мен тарауларға арналған аннотациялар іздеу нәтижелерінде де, өнім беттерінде де қолжетімді
  • Өнімдердің басым бөлігі үшін егжей-тегжейлі мазмұн кестесі
  • APA форматында библиографиялық сілтемелерді құру

T&F eBooks

T&F Why use eBooks poster

#SDG Goal_4_ сапалы білім

Жарияланған күні: 29.01.2026

Барлық тестілік жазбалар ->

Жаңалықтар

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар!

Сіздерді іске қосылған «Зерттеу коммуникациясы зертханасы» (Research Communication Lab) бағдарламасы туралы ақпаратпен танысуға шақырамыз. Бағдарлама ағылшын тілінде жүзеге асырылады.

Аталған бағдарлама бұған дейін зерттеушілерге арналған вебинарлар сериясы аясында ұсынылған мазмұнның едәуір бөлігін қамтиды және бірқатар маңызды жаңартулармен толықтырылған:

  • Оқу бағдарламасы форматындағы кешенді оқыту: әрбір модуль барлық уақыт белдеулеріндегі зерттеушілердің қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне екі рет өткізіледі
  • Интерактивті вебинарлар: әр модуль аясында қатысушылар нақты практикалық кейстерді талқылауға тартылады
  • Сертификаттау жүйесі: барлық модульдерді толық аяқтап, қорытынды емтиханды сәтті тапсырған тыңдаушыларға қорытынды сертификат табысталады (сонымен қатар, бұрынғы тәртіпке сәйкес жекелеген сессиялар үшін де сертификаттар беріледі)
  • Уақыт өте келе әрбір тақырып бойынша қысқаша бейнемодульдер қолжетімді болады

Бағдарлама туралы толық ақпарат, сондай-ақ барлық 11 сессияға тіркелу сілтемелері төмендегі бетте ұсынылған:
https://authorservices.taylorandfrancis.com/the-research-communication-lab/

Маңызды ескерту: аталған бағдарлама аясындағы 11 модуль жазылып алынбайды және қайта көрсетілмейді. Әрбір сессияға Taylor & Francis баспасының әртүрлі бөлімдерінен сала мамандары шақырылған. Сессиялар тек белгіленген күндері өткізіледі.

Алғашқы сессия — «Баспа ісінің негіздері»2026 жылғы 28 қаңтарда өтеді.

!#SDG Goal_4_ Сапалы_білім

Жарияланған күні: 22.01.2026


Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Duke University Press баспасы (https://www.dukeupress.edu/) және MA Group AG
2026 жылғы 4 ақпанда, сағат 16:00-де (Астана уақыты бойынша) баспаның әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы коллекциялары бойынша вебинарға қатысуға шақырады.

Тіркелу сілтемесі

Іс-шара аясында келесі тақырыптар қарастырылады:

👉🏻Журналдар коллекциясы (https://read.dukeupress.edu/journals) (гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша 60 журнал)

👉🏻e-Duke Books электрондық кітаптар коллекциясы (https://read.dukeupress.edu/books) (3000-нан астам кітап)

👉🏻Тақырыптық кітап коллекциялары (Антропология, Азия зерттеулері, Дінтану және басқа да бағыттар)

 

🗣 Duke University Press өкілі коллекциялардың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу үдерісінде ресурстарды тиімді пайдалануға арналған платформаның негізгі мүмкіндіктері туралы баяндайды. Вебинар оқырмандарға да, баспада жариялануды жоспарлап жүрген ғалымдарға да пайдалы болады.

🌐 Іс-шара тілі:
 ағылшын, орыс
!#SDG Goal_4_ Сапалы_білім
Жарияланған күні: 20.01.2026

Барлық жаңалықтар ->

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: