Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерге Emerald eJournals Premier деректер базасына 01.04.2026 – 01.05.2026 аралығында IP мекенжайлар арқылы тесттік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз.
Қолжетімділік сілтемесі: https://www.emerald.com/insight
Emerald eJournals Premier – Emerald Publishing баспасының ең ірі ғылыми деректер базасы, ол келесі бағыттар бойынша 300-ден астам рецензияланатын журналдарды қамтиды:
✅ Экономика
✅ Менеджмент
✅ Қаржы
✅ Маркетинг
✅ Білім беру
✅ Әлеуметтік және техникалық ғылымдар
Тесттік кезең барысында барлық пайдаланушылар ғылыми мақалалардың толық мәтіндеріне қол жеткізе алады.
Онлайн-тренинг (Microsoft Teams)
Сіздерді платформада тиімді жұмыс істеу және оның барлық мүмкіндіктерін пайдалану жолдары туралы білетін оқыту сессиясына қатысуға шақырамыз.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 7 сәуір, сағат 15:00 (Астана уақыты)
Сілтеме:
https://teams.microsoft.com/meet/353702241981335?p=rXgXwB7Hy9eCm1Ae1N
Кездесу идентификаторы: 353 702 241 981 335
Қолжеткізу коды: 7KR7Zv2Q
Зерттеу көкжиегіңізді кеңейтіп, жетекші академиялық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Қатысуларыңызды асыға күтеміз!
Emerald Insight пайдаланушы нұсқаулығы
!#SDG Goal_4_ Сапалы білім
Жарияланған күні: 27.03.2026
















Spelling error report
The following text will be sent to our editors: