Wiley баспасынан алдағы вебинарлар сериясына қосылыңыз
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Авторларға, оқытушыларға, кітапханашыларға және студенттерге арналған онлайн іс-шаралар сериясы ұсынылады. Бұл іс-шаралар Wiley Online Library платформасындағы Wiley журналдарын барынша тиімді пайдалануға көмектесу мақсатында арнайы әзірленген.
2026 жылғы 10 қыркүйек, сағат 15:00 – 16:00 (Астана уақыты бойынша)
Wiley Online Library платформасына кіріспе
Бұл вебинарда Wiley Online Library платформасы таныстырылып, ақпаратты, толық мәтінді журналдар мен мақалаларды іздеу және жүктеу негіздері көрсетіледі. Іс-шараның тілі: орыс тілі
2026 жылғы 14 қыркүйек, сағат 15:00 – 16:00 (Астана уақыты бойынша)
Кітапхана және баспа саласындағы өзекті үрдістер: ашық зерттеулер және жасанды интеллект
Кітапхана ісі мен баспа саласындағы заманауи үрдістер: ашық зерттеулер және жасанды интеллект. Ашық зерттеулер мен жасанды интеллект академиялық кітапханалар мен ғылыми басылымдарды қалай өзгертетінін біліңіз. Бұл вебинар кітапханашылардың өзгеріп жатқан рөлін, жасанды интеллекттің зерттеу үдерістеріне ықпалын және ғылыми коммуникациядағы осы өзгерістерге бейімделудің практикалық стратегияларын қарастырады. Іс-шараның тілі: орыс тілі
2026 жылғы 21 қыркүйек, сағат 15:00 – 16:00 (Астана уақыты бойынша)
Ашық қолжетімділік: неге барлық баспалар ашық қолжетімділікке көшуде?
Бұл вебинарда Ашық қолжетімділік мәселесі қарастырылады. Ғалымдар неліктен ашық қолжетімділікте жариялауды таңдайды және оның қандай артықшылықтары бар? Іс-шараның тілі: орыс тілі
2026 жылғы 24 қыркүйек, сағат 15:00 – 16:00 (Қазақстан уақыты бойынша)
Түпнұсқа мақаланы талдау (WOL мысалында)
Wiley басылымдарында мақала жариялаудағы жетістіктеріңізді арттыруға арналған ауқымды вебинарымызға қосылыңыз. WOL платформасында жарияланған мақала мысалында Wiley журналдарының портфолиосында бағдарлауды, редакторлардың назарын аударатын мазмұнды мақалалар дайындауды және рецензенттердің пікірлеріне тиімді жауап беруді көрсетеміз. Іс-шараның тілі: орыс тілі
Баяндамашы – Петр Бородавкин. Лондон Империялық колледжінде дәрілік заттарды ашу және әзірлеу саласында ғылым магистрі (MRes) дәрежесін алған.
Kazakhstan webinars — Sept 26 — 600x300px
!#SDG Goal_4_ Сапалы_білім
Жарияланған күні: 01.09.2026
