2026 жылғы сәуірдегі EBSCO оқыту вебинарлары

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

EBSCO компаниясы сіздерді 2026 жылғы сәуір айында өтетін вебинарлар сериясына қатысуға шақырады. Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі. Әр вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды. Қызығушылық танытқан вебинарды таңдап, тіркелулеріңізді сұраймыз. Вебинарлар кестесін осы хаттың төменгі бөлігінен және келесі сілтеме арқылы таба аласыздар:
https://ebsco-russian.zoom.us/calendar/search

Вебинар қатысушыларына сертификаттар беріледі.

NEW!!! 22 сәуір, 15:00 (Астана уақыты)Жасанды интеллект көмегімен іздеуді қалай жақсартуға болады. Ғылыми жұмыстар жазуда пайдалы EBSCOhost® құралдары.

Бұл практикалық сабақ барысында EBSCOhost платформасында жасанды интеллект көмегімен қандай функциялар орындалатынын, AI арқылы іздеуді қалай жақсартуға болатынын, сондай-ақ қосымша құралдармен қалай жұмыс істеу керектігін қарастырамыз: жеке аккаунт құру (құжаттар мен іздеу тарихын сақтау үшін), құжаттарға әртүрлі форматта дәйексөз беру, тақырыптық және жаңа шығарылымдар бойынша хабарламалар жасау, библиографиялық деректерді Zotero сияқты бағдарламаларға экспорттау.

Тіркелу

23 сәуір, 15:00 (Астана уақыты) — Әлемнің ең танымал баспаларының электрондық кітаптарына кез келген уақытта және кез келген жерде қол жеткізу!

Практикалық сабақ барысында сіздер EBSCO электрондық кітаптарын қалай пайдалану керектігін, толық мәтінді кітаптар мен тарауларды жүктеу жолдарын, смартфондарда, планшеттерде және оқу құрылғыларында (ридерлерде) қолдану тәсілдерін үйренесіздер.

Тіркелу

30 сәуір, 12:00 (Астана уақыты) — Қалта кітапханасы немесе EBSCO мобильді қосымшасы туралы қысқаша мәлімет

Бұл вебинарда EBSCO мобильді қосымшасын қалай жүктеу, жүйеге кіру және қосымшада жұмыс істеу жолдары таныстырылады.

Тіркелу

30 сәуір, 15:00 (Астана уақыты) — EBSCO электрондық ресурстары – әлемдік деңгейдегі мақалаларды дайындау құралы

Вебинар барысында EBSCOhost платформасының көмегімен жарияланым үшін журналды қалай таңдау керектігін, мақала дайындау кезінде қажетті ақпаратты қайдан және қалай табуға болатынын, сондай-ақ EBSCOhost платформасындағы мақалалар мысалында жарияланымды рәсімдеудің негізгі талаптарын қарастырамыз.

Тіркелу

Вебинарларды жүргізуші:
Сержан Ирина – Молдова, Орталық Азия және Кавказ өңірлері бойынша клиенттерді оқыту жөніндегі маман.

iserzhan@ebsco.com

!#SDG Goal_4_ Сапалы білім

Жарияланған күні: 10.04.2026

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: