Public Library және оқу залдарына бару үшін не қажет
Public Library және оқу залдарына бару үшін тіркелуден өту қажет.
Тіркелуге жеке басын куәландыратын құжат болған кезде жүзеге асырылады.
Кітапхана ресурстарын тек Public Library және оқу залдарының аумағында үйге кітап алу құқығынсыз пайдалануға болады.
(Кітапхана ережесімен сілтемеге өту арқылы танысуға болады – (файлды жүктеу))
Кітапханаға қалай жазылады және электрондық оқырман билетінің нөмірін қайдан алуға болады?
Барлық бірінші курс студенттері автоматты түрде кітапханаға оқырмандары ретінде тіркелген. Электрондық оқырман билетінің нөмірін алу үшін abonement@kazguu.kz электрондық поштасына аты-жөніңізді жазып, сауал жіберу қажет. (Кітапхана тәртіптері – (файлды жүктеу))
Абонемент қайда орналасқан?
Нөлінші қабатта, гардеробтың жанында
«Абонементте» кітаптарға алдын ала тапсырыс беруді қалай рәсімдеуге болады?
Алдымен
кітапхана сайтында «Электронды каталог» (ЭК) сілтемесімен өту керек. Электронды каталогта оң жақ бұрышта жеке куәліктегідей Тегіңізді және электрондық оқырман билетінің номерін енгізе отырып, авторизациялану қажет. ЭК-тан керекті кітаптарды тауып, «Тапсырысқа іріктеп алуды» басасыз. Тапсырысты аяқтау үшін Жеке кабинетте «Іріктелген кітаптар» сілтемесімен өтіп, «Тапсырыс беру» батырмасын енгізесіз.
(Графикалық нұсқаулық (
файлды жүктеу))
(
видео нұсқаулық — ұзақтығы 2 мин. 54 сек.)
Оқырмандар үшін кітапхананың қорынан сканерленген кітаптардың электронды нұсқасын қайдан табуға болады?
Алгоритм төмендегідей.
Кітапхана сайтында электронды каталогқа (жоғарыда, сол жақта) өту.
«Кіру» (жоғарыда, оң жақта) батырмасын басып, Электронды каталогта авторизациялану. Электронды каталогта қажет кітапты табу. Цифрландырылған көшірмесі болған жағдайда, библиографиялық сипаттамасында Электронды құжат деген сілтеме болады. (видео) — ұзақтығы 2 мин. 24 сек.
Электронды каталогпен (ЭК) қалай пайдаланады?
ЭК-қа сілтеме
кітапхана сайтында (мобильді нұсқада — мәзірде) орналасқан. Жұмысты бастау үшін деректер базасын (ДБ) таңдау қажет (кітаптар, мақалалар, диссертациялар немесе КАЗГЮУ ПОҚ еңбектері), және іздеу түрін (жай, кеңейтілген, сөздіктер бойынша, тура) таңдау керек. Іздеу түрін таңдағаннан кейін іздеу терезесі пайда болады.
ЭК кітапхана қорының баспа, аудиовизуалды, электронды құжаттардың құрамы мен мазмұнын ашады.
ЭК-та кітаптардың және басқа да дереккөздердің мазмұны көрсетіледі, аннотация және түйін сөздермен қосымша сипаттамалар енгізіледі, мекемелер, географиялық нысандар, есімнамалар, басылым жылдары, ISBN нөмірлері және т.б. мәліметтер толықтырылады. Сондай-ақ, ЭК-та кітаптың адресі көрсетілген. Оқырман өзіне ыңғайлы уақытта және ыңғайлы орында кітапхана сайтынан (графикалық нұсқаулық) ЭК-пен жұмыс істей алады.
Сөреден кітапты қалай табуға болады — видео — ұзақтығы 2 мин. 17 сек.
Электронды Каталогта кітаптардың библиографиялық сипаттамасындағы АБ, ЧЗ, ЧЗН, РФ, ЗПИ, МЗ, НЗ аббревиатуралары нені білдіреді?
Аббревиатура/(-лар) белгілі бір кітаптың/(-тардың) орналасқан залын/(-дарын), ал жанындағы сан — қанша данасы бар екендігін айқындайды.
АБ — Абонемент (0-қабат)
ЧЗ — Оқырман залы (ең үлкен)
ЧЗН — Проф. М.С. Нәрікбаевтың жеке кітапханасының оқу залы
РФ — Сирек және құнды кітаптар қоры
ЗПИ — Мерзімді басылымдар залы
МЗ — Медиа залы (Электронды ресурстар залы)
НЗ — Ғылыми әдебиет залы
Кітапханашыдан қалай кеңес алуыма болады?
Оқу залының кез келген қызметкерінен тікелей,
library@kazguu.kz электрондық поштасы арқылы,
кітапхана сайтындағы онлайн-чатта, 8(7172) 70 30 24 телефон нөмірі арқылы кеңес/көмек ала аласыз.
Абонемент бөлімінде қанша кітап алуға болады?
10 атауға дейін.
Кітаптар қай мерзімге беріледі?
Азданалы әдебиет
10 күнге
Көпданалы әдебиет
1 семестрге
Көркем әдебиет
30 күнге (3 дана)
Сирек анықтамалық энциклопедиялық басылымдар
қолға берілмейді
Кітаптардың пайдалану мерзімін қалай ұзартуға болады?
Абонементке барып келу керек немесе
abonement@kazguu.kz электронды поштасына хат жазу керек.
Кітапты белгіленген мерзімінен кешіктіріп алған жағдайда не істеу керек?
Реестрге сәйкес айыппұл төлеп, кітапты қайтару қажет. Актуалды реестрді кітапхана сайтында
«Онлайн төлем» бөлігінен қарауға болады.
Кітаптар мен мерзімді басылымдардың кітапханада бар-жоғын қалай білуге болады?
Кітапхана сайтындағы Электронды каталогты қарап шығу керек.
Кітап бүлінген немесе жоғалған жағдайда не істеу керек?
Абонемент бөліміне келіп, кітаптың жоғалғандығын растап, қорларды жинақтау және өңдеу бөлімінен кітаптың бағасын білу керек. Кітапты қайтарудың үш нұсқасы бар:
1) дәл сондай кітапты сатып алу;
2) кітап бағасынан 10 есе артық көлемінде айыппұл төлеу;
3) қорларды жинақтау және өңдеу бөлімінде кітаптың өзектілігін растап, ұқсас тақырыпта және жаңа басылымды кітап әкеліп беру.
Open Room-дағы орынға қалай тапсырыс беріледі?
Кітапхананың ресепшен үстелшесінде немесе
кітапхана сайтының бас парақшасында – Open Room мәзірінің жоғары бөлігінде – VK әлеуметтік желісі арқылы тапсырыс жасалады.
Кітапханаға қай кітаптарды қайтаруым керек екенін қалай білуге болады?
Электрондық оқырман билетінің нөмірі болған жағдайда (қарау: «Электрондық оқырман билетінің нөмірін қайдан алуға болады?»)
кітапхана сайтына кіріп, кейін жоғарыда сол жақтағы «Электронды каталог» сілтемесімен өтесіз. Жоғарыда оң жақта авторизацияланып, «Кіру» батырмасын басып (Тегіңізді жеке куәліктегідей), төменде сол жақтағы «Жеке кабинет» бөлігіндегі «Берілген кітаптар» сілтемесін басу керек.
(
видео нұсқаулық — ұзақтығы 1 мин. 29 сек.)
Бірінші курс студенттері үшін кітапхана бойынша бағдарлы сессияның жазбасы. 2024-2025 оқу жылдары. (видео — ұзақтығы 15 мин. 30 сек.)
Абонемент ережелері – (файлды жүктеу)
Нұсқаулық (файлды жүктеу)
Кітапхана жайлы брошюра (файлды жүктеу)